Ерке Есмахан футболшы Дэвид Бекхэммен кездескенін айтты

Әнші Ерке Есмахан Лонданда танымал футболшы Дэвид Бекхэмді кездестіріп қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерке Есмахан жұбайы Raim-мен Лондонда жүр. Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында бөлісті. Stories-терінің бірінде әнші танымал футболшы Дэвид Бекхэмді көріп, суретке түсіріп үлгергенін жазды. Дэвид Бекхэм әйелі Виктория Бекхэммен бірге болған.

"Prada Caffe-де күшті болып, отырып кофе, шәй ішеміз деп ойлағанбыз. Оған @davidbeckham ағам жанұясымен келіп қалыпты. Сөйтіп тек өздеріңізбен алып кете аласыздар, деді. @victoriabeckham апам екеуі ертеңгі коронацияға келген-ау", - деп жазды әнші. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!