Семей мен Қазан ескерткіш алмасады

Жақында Семейде татар ақыны әрі журналисі, Кеңес Одағының батыры Мұса Жалилге ескерткіш ашу жоспарланған. Ал, Татарстан астанасы Қазан қаласында қазақ ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ескерткіштерді орнату туралы айтты.

"Жамақаев көшесінде, Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжінің қарсысында өнер алаңын салуды жоспарлап отырмыз. Сол жерде төрт тақырыптық алаңның бірінде Мұса Жалилге ескерткіш орнату жоспарланған. Былтыр Сабантой мерекесіне Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасы келіп, сол жерде осы ой айтылды. Қазан қаласына Абай Құнанбаевтың ескерткішін апарып орнатамыз. Бізде осындай келісім бар", - деді Ұранхаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!