Смайылов Өзбекстан президентіне Тоқаевтың сәлемін жеткізді

Смайылов Өзбекстан президентіне Тоқаевтың сәлемін жеткізді
Фото: primeminister.kz

Жұма, 5 мамырда, Ташкентте Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізіп, Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы екіжақты қарым-қатынас сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі екенін айтты. Атап айтқанда, жоғары деңгейде өткен соңғы келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру – екі ел Үкіметтерінің ерекше бақылауында.

Сонымен қатар Премьер-министр Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 20-отырысының қорытындысы туралы хабардар етті, онда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, экология, транзиттік-көлік саласындағы және тағы басқа өзара іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Өзара саудадағы тауарлар номенклатурасын кеңейту, жаңа инвестициялық және кооперациялық жобаларды іске қосу жөніндегі жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан