Арли Чонтей Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Арли Чонтей Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: instagram.com/drs_kz/

Арли Чонтей Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

55 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін спортшы бəсекені жақсы бастаған. Жұлқа көтеру жаттығуында 117 келі тасты еңсеріп, көш басына шықты. Алайда серпе көтеруде қарсыластарына есе жіберіп, 4-орын алды (141 келі).

Қос сайыс нəтижесінде Арли 258 келімен 3-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Чонтей былтыр күзде Бахрейн астанасы Манамада өткен құрлық чемпионатында күміс медаль жеңіп алған. Ал 2020 жылғы Ташкенттегі бəсекеде чемпион атанған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан