Неміс қызы отаның арқасында аяғын 14 сантиметрге ұзартты

Терезия Фишер аяғын ұзарту отасын жасады, содан кейін оның бойы 183 сантиметрге дейін "өскен".

Аяғын 14 сантиметрге ұзартқысы келген 31 жастағы әйел ота, дәрі-дәрмек пен оңалту процедураларына 161 мың доллар жұмсаған. Оның айтуынша, бұл шешім оның модельдік мансабын нығайтуға және интимдік өмірін жақсартуға көмектескен.

The New York Post басылымының хабарлауынша, мұндай оталар ауыр саналады, өйткені науқастың жамбас сүйегі екі аяғында да сынады және жіліншікке телескопиялық металл таяқшалар салынады. Үш ай бойы аяқ күніне 1 миллиметрге өсіп отырады. Отадан қалыпқа келуге ұзақ уақыт қажет, ал осы уақытта адам үздіксіз ауырсынуды бастан өткереді.

© nypost.com

Осы азаптардың бәріне қарамастан, мұндай хирургиялық отаның танымалдығы кейінгі жылдары, әсіресе ер адамдар арасында артып келеді. Оның бағасы адам қаншалықты аяғын "өсіргісі келетініне" байланысты. Шамамен 70 000 доллардан 150 000 долларға дейін, сонымен қатар кейінгі шығындарға қосымша мыңдаған доллар кетеді.

Терезия Фишер, мұндай қадамға көп жылдар бойы кемсітушілікке ұшырағаны үшін барған, бірақ отадан кейін де мұндай әрекеттер тоқтамаған.

"Қазір мен өзімді бақытты сезінемін және аяғыма көңілім толады. Бірақ Интернеттегі жеккөрушілік толқыны мені басып қалды... Аяқты ұзарту процедурасы арқылы мен өзімді таптым және ақыры ескі жарақатымды емдедім. Сонда да олар маған деген жеккөрушілігін тоқтатар емес. Мен неге мұндай өшпенділікке ұшырадым?" — дейді ол.