Тоқаев бірнеше әскери қызметкерді марапаттады

Мемлекет басшысы ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар әскери қызметшіні марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

III дәрежелі "Айбын" орденімен:

  1. Бабақұлов Қуаныш Исабекұлы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің аға нұсқаушысы.

"Ерлігі үшін" медалімен:

  1. Лисбаев Байсейіт Жәнібекұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің взвод командирі;
  2.  Рахматалиев Данияр Тілекбайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:

  1. Алдабергенов Мейір Салқынбекұлы, Қорғаныс министрлігінің 19033 әскери бөлімі минасыздандыру бөлімшесінің командирі;
  2. Рамазан Дәурен Қайратұлы, Мемлекеттік күзет қызметінің жедел уәкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!