Алматыда өз бетінше заңсыз салынған ғимарат бұзылады

Алматыда өз бетінше заңсыз салынған ғимарат бұзылады

Алматыда заңсыз ғимарат бұзылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы Бөгенбай батыр көшесі бойындағы 24-үй төрт қабатты ғимарат заңсыз тұрғызылғанын хабарлады.

Басқарманың талабы бойынша тұрғын емес үй-жайлар жөніндегі сот процестері ұзақ уақытқа созылды. 2022 жылғы 17 қаңтарда Медеу аудандық соты өз бетінше салынған құрылысты бұзу туралы қаулы шығарды, алайда кейін апелляциялық шағымдар Алматы қалалық сотында және ҚР Жоғарғы Сотында қаралды.

2022 жылғы 30 қарашада Жоғарғы Сот бірінші сатыдағы сот пен Алматы қалалық сотының қаулыларын өзгеріссіз қалдырды, содан кейін қаулы қаланың Әділет департаментінің өндірісіне түсті.
Бүгін сот орындаушыларымен бірге ғимаратты бұзу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина