Алматы маңында Tau Jarys шарасы және отбасылық фестивалі екінші рет өтеді

Алматы маңында Tau Jarys шарасы және отбасылық фестивалі екінші рет өтеді

Tau Jarys 2023 ойлы-қырлы жерлермен жүгіру жарысы және отбасылық фестивалі биыл 21 мамырда екінші рет өтеді. Жарыс форматы таулы, бірақ аса биік емес жерде өтеді.

Tau Jarys - таулы жерлермен жүгіру жарысы ғана емес, сонымен қатар, әрбір адам ойын-сауық бағдарламасына қатыса алатын, дәмді тағамдардан ләззат алып, жарыстың жарқын атмосферасын сезіне алатын отбасылық фестивалі!

Жарыстың жаңа форматы озық спортшыларға да, жаңадан бастаған жүгірушілерге де қызық болады. Биыл 2 шақырым балалар қашықтығы (10-14 жас), сондай-ақ, 6 және 12 шақырым ересектер қашықтықтары (15 жастан бастап және одан жоғары) ұсынылған. Бұл - жаңа форматта өз күшіңізді сынап көрудің тамаша мүмкіндігі. Трасса Алматы облысындағы "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде, табиғаты әсем жерлерде өтеді. Алматыдан көлікпен небәрі бір сағаттық жерде қатысушылар отбасыларымен немесе достарымен бірге демалыс күндерін белсенді өткізе алады.

"Былтыр біз Tau Jarys бірінші жарысының қатысушылары мен қонақтарынан көптеген ризашылық пікірін алдық, сондықтан бұл жарысты жыл сайынғы іс-шараға айналдыруды ұйғардық. Біз бұдан да жоғары нәтижелерді көздейміз және іс-шараны жаңа серпінмен өткізуге дайынбыз. Tau Jarys - іс-шара қатысушылары мен қонақтары отбасыларымен келіп, тамаша уақыт өткізе алатын, атмосферадан және спорт әуесқойларымен араласудан ләззат алатын, сондай-ақ, дәмді тағамдармен түстеніп, шараларға белсенді қатыса алатын нағыз спорт мерекесі", - дейді ұйымдастырушы, "Бірінші болу - батылдық" корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева. 

Іс-шараға тіркелу және қатысу ақысын төлеу almaty-marathon.kz сайтында қолжетімді болады. Қатысу құны 2 шақырым балалар қашықтығында 6 000 KZT, 6 шақырым қашықтығында 10 000 KZT және 12 шақырым қашықтығында 12 000 KZT. Тіркелу 12 мамырда немесе қатысушылар саны 1200-ге жеткенде аяқталады. Қосымша төлемге жайлы автобустармен екі бағыттағы трансфер қарастырылған.

Өз қашықтықтарын жүгіріп өткен барлық спортшы мәреші медалін алады. Әр қашықтықта әйелдер мен ерлер арасындағы жеңімпаздар үштігі ақшалай жүлделермен (12 шақырым қашықтығында 130, 100 және 70 мың теңге, 6 шақырым қашықтығында 70, 50, 30 мың теңге), грамоталармен және серіктестер ұсынатын сыйлықтармен марапатталады.

2 шақырым, 6 шақырым және 12 шақырым қашықтықтарында жас санаттарындағы жеңімпаздар медальмен, грамотамен және бағалы жүлделермен марапатталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек