Күніне 30 клиентке дейін қызмет көрсеттік - 14 жасынан бастап притонда өмір сүрген әйел

Күніне 30 клиентке дейін қызмет көрсеттік - 14 жасынан бастап притонда өмір сүрген әйел
Фото: podrobno.uz

Тәні арқылы табыс таппай, баспаналы болғысы келетін 25 жастағы Ойша былтыр досымен бірге Дубайдағы притоннан қашып шығып, Отанына (Өзбекстанға - еск.) оралған. Ол жыныстық құлдықта болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Ойша ата-анасынан өте ерте айырылған. Ол кезде қыз 14 жаста болған. Кейін оны жақтыртпаған ағасының қамқорлығында қалған. Кезекті бір жанжалдан кейін қыз үйден қашып кеткен.

"Еске алу қиын, бірақ күнкөріссіз далада қалғаннан кейін жататын жер мен тамақтың орнына денемді саудалау ұсынылды. Жасөспірім едім, қашып кетуден қорықтым, өйткені қашып кеткендердің бәрі көшеден табылып, соққыға жығылды. Бұл бірнеше жылға созылды. Көбі мені айыптайтын шығар, бірақ сол кезде қайдан және кімнен көмек сұрайтынымды білмедім, артқа жол жоқ екенін түсіндім", - деді ол.

podrobno.uz

Былтыр ол Дубайдан жұмыс ұсынған адаммен танысқан. Ол әйелге асханада жұмыс істейтінін айтқан. Ал барған кезде төлқұжаттарын алып қойған, қонақүйлердің бірінде бөлмелер беріліп, осылайша, ер адамдарға қызмет етуге мәжбүр болған. Әйелдің сөзінше, олай істемесе, соққыға жығылған.

"Күніне 30 клиентке дейін қызмет еттік. Бізді құлыптап тастады, ешқайда шыға алмадық. Бөлмелерде бейнебақылау камералары болды, әрбір әрекетіміз жазылып, бақыланды. Бірде полицияға хабарласуға мүмкіндік туды, соның арқасында бостандыққа шығып, елшіліктің көмегінің арқасында Отанымызға оралдық. Қазір даяшы болып жұмыс істеймін және өмірімді жаңа парақтан бастауға тырысамын", - деді Ойша.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова