"Қоныс аударып жатырмын". Еркін Нұржанов алдағы жоспарын бөлісті

"Қоныс аударып жатырмын". Еркін Нұржанов алдағы жоспарын бөлісті
Фото: massaget.kz

Танымал әнші Еркін Нұржанов шығармашылық жолындағы жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. Әншінің айтуынша, ол 8-9 жыл бұрын Шымкентке көшіп кеткен. Алайда қазір жұмыс бабымен Алматыға қоныс аударып жатыр. 

"Шымкентке қоныс аударғанымызға 8-9 жылдың шамасы болды. Кейінгі уақытта жұмыс бабымен, өнер жағынан, жоспарлармен Алматыға қоныс аударып жатырмын. Көбіне Шымкенттеміз. Кәсіп ашпадым, оған икемім жоқ", - деді өнер иесі. 

Әнші алдағы жоспарын бөлісіп, тыңдармандарын қуантты.

Биыл "Жігіттер" квартетіне 20 жыл. Алла қаласа, жақсы жоба басталғалы жатыр. Қазақстанның әр өңірінде жеке шығармашылық кеш жоспарланып отыр. Кеш Тараздан басталады", - деді Еркін Нұржанов.

Айта кетейік, Еркін Нұржанов - әнші, "Жігіттер" квартетінің экс-мүшесі. Оның "Елге сағыныш", "Саған", "Сынық үмітім", "Сәулем-ай" әндері бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек