Қазгидромет бірнеше өңірде үсік болып, нөсер жаңбыр жауатынын болжады

Бүгін, 5 мамырда Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау, Қостанай облыстарында үсік болады, ал Атырау және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл соғады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қауіптілігі күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с, күндіз Жалаңаш көл ауданында 28 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік күтіледі. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік сақталады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!