Түркістанда желден Ясауи музейінің шатыры қирады

Түркістан тұрғындары Қожа Ахмет Ясауи музейінің құрылыс сапасын талқылап жатыр. Себебі екпінді желдің салдарынан ғимараттың шатыры жартылай зақымдалған. Олар осы сәттің видеосын таратып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістандықтардың айтуынша, музей ғимараты әуелден-ақ сапасыз салынған. Жаңбырлы ауа райында музейдің төбесінен су ағады екен.

Түркістан әкімдігінің баспасөз қызметі екпіні күшті желдің салдарынан ғимараттың шатыры зақымданғанын хабарлады.

"2023 жылғы 4 мамырда сағат 16:15 шамасында желдің қатты соғуының салдарынан Қожа Ахмет Ясауи музейі шатырының 80 шаршы метрге жуық аумағы (сыртқы алюминді касеталар) ұшып кетті. Облыстық "Қазгидромет" филиалының мәліметіне сәйкес, шығыстан соққан жел секундына 15-20 метр, күндіз кей уақытта 25 метрге дейін жеткен. Музейдегі ақауларды ретке келтіру жұмыстары жел тоқтаған соң жасалады. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты", - деп хабарлады әкімдік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!