Батыс Қазақстан облысында ақбөкендер төлдей бастады

Батыс Қазақстан облысындағы Көктерек аңшылық аймағында ақбөкендер төлдей бастады. Бұл - ақбөкендердің биылғы алғашқы төлі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Baytaq партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаппай төлдеу 10 мамырдан кейін басталады. Ақбөкендер көбінесе Батыс Қазақстан облысын мекендейді. Олардың саны жыл сайын өсіп келеді.

Батыс өңірі бойынша былтырғы есеппен 845 мың ақбөкен бар. Биылғы есеп маусымда жарияланады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!