Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан көлік өртеніп, бір адам қайтыс болды

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан көлік өртеніп, бір адам қайтыс болды
Фото: видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысында жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 мамырда Қобда кентіндегі Самара-Шымкент автожолында Nissan Almera автокөлігі Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп, жүк көлігі аударылды.

Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі Қобда кентіндегі аудандық ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан