"Екі қолымды көтеріп, Аллаға ғана табыстаймын дедім". Әнші Мұрат Қожаға қандай диагноз қойылған?

Денсаулығы күрт сыр берген әнші Мұрат Қожа "өмір мен өлімнің арасында қалғанын" айтты. Дәрігерлер өнерпаздың нақты қандай ауруға шалдыққанын айта алмаған. Мұрат Қожа өткен өмірін еске алып, "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақта болып, сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алла сүйікті пендесін сынайды. Сол үшін шүкіршілік етуіміз керек. Мен солай айтып өзімді жұбатумен болдым. Денсаулығым күрт нашарлап кетті. Атын айтатын емес, тіпті оны ешкімге тілемеймін. Ол - ауру өмір мен өлімнің арасындағы арпалыс. Менің ауруым түсініксіз ауру болды. Не аяқ жасамайды, не қолым қимылдамайды. Қай қаладағы дәрігерлер болсын түсінбеді, бұл ауру қандай екенін. Соңында өзім де түңілдім. Екі қолымды көтеріп, Аллаға ғана табыстаймын дедім. Қатты сынақ болды", - дейді әнші.

Әнші Мұрат Қожа бұл дерттің өзіне көп нәрсені үйреткенін айтты.

"Тек дұғада болып, мені аяғымнан тұрғызшы" деп тілеп жаттым. Екі жылдай ауырып жаттым. Маған әр нәрсенің қадірін білуді үйреткен ауру болды. Достың, ағайынның кім екенін көрсетіп, жұбайым мен бала-шағамның қадірін түсіндім. Емі, шипасы бір Алладан болды. Мені аяғыма тұрғызды", - дейді өнер иесі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!