Тізімде Қазақстан бар ма? Шай ішуді жақсы көретін елдер аталды

Тізімде Қазақстан бар ма? Шай ішуді жақсы көретін елдер аталды
Фото: pixabay

Шайды көп ішетін елдер анықталды. 2014 жылы осындай рейтингіде Қазақстан болды, бірақ жаңартылған нұсқада топ-10-ға кірген жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Он жылға жуық уақыт бұрын рейтингіде Қазақстан 10-орынға ие болды. Ал әлемнің әртүрлі елдеріндегі нарық пен тұтыну туралы деректерге негізделген Statista Consumer Insights компаниясының нұсқасы бойынша өз орнын сақтай алмады.

Қазақстанды кім басып озды? Әдетте қазақтар туралы айтқанда, "таңертең бауырсақпен шай ішетіні, түсте қуырдақпен шай ішетіні, кешке етпен шай ішетіні" әзіл ретінде тілге тиек етіледі.

10. Испания

Испандықтардың 39 пайызы үнемі шай ішеді. Испания 56 елдің тізімінде 10-орынға ие болды, бұл шайға айтарлықтай тәуелділікті көрсетеді.

9. Қытай

Шай ішу бойынша тоғызыншы орында Қытай тұр. Сауалнамаға сәйкес Қытай тұрғындарының шамамен 45 пайызы - шайдың тұрақты тұтынушылары.

8. АҚШ

Сауалнамаға қатысқан 10 мыңға жуық америкалықтардың жартысына жуығы үнемі шай ішеді.

7. Германия

Немістердің жартысынан көбі, соның ішінде 56 пайызы - шайдың тұрақты тұтынушылары.

5. Ұлыбритания және Ирландия

Көршілер шай ішу бойынша да бір орында тұр. Ұлыбританиялықтар мен ирландиялықтардың 59 пайызы бес кезінде ғана емес, үнемі шай ішуді ұнататынын мойындайды.

4. Үндістан

"Шай елі" деп те аталатын ел тұрғындарының 72 пайызы бұл сусынды үнемі тұтынады.

3. Вьетнам

Вьетнамдықтардың шамамен 80 пайызы - шайдың тұрақты тұтынушылары.

2. Пәкістан және Кения

Пәкістан мен Кения шай жапырақтарын тұрақты тұтыну деңгейі бойынша екінші орында. Пәкістан мен Кения тұрғындарының шамамен 83 пайызы шайды жақсы көреді.

1. Түркия

Зерттеу барысында Түркияның 10 тұрғынының 9-ы үнемі шай ішетіні анықталған. Түріктер рейтингіде өз орнын сақтап, қатарынан екінші рет бірінші орында тұр. Түркияда шай тұтынудың орташа деңгейі жылына жан басына шаққанда шамамен 7,5 келі болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова