Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартты

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 21 мамырға дейін ұзартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 17 сәуірдегі ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Құдайбергенге қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуды санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылғы 21 мамырға дейін", - делінген сот мәліметінде.

Еске салайық, экс-депутат Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша былтыр 22 сәуірде ұсталған болатын. Ол бір айға қамауға алынды, кейін қамау мерзімі 21 маусымға дейін, одан кейін тағы үш айға ұзарды.

Прокурорлардың айтуынша, Құдайберген жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген. Алдын ала тергеу барысында Қайрат Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен (Дикий Арман - еск.) "Қазақстан" қонақүйінде адамдарды жинап, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және билікке бірыңғай талап қоюға шақырғаны, сондай-ақ, адамдарды 10 адамнан бөліп, оларды топтастырудың айрықша белгісі ретінде қолына ақ түсті таңғыштарды байлауды тапсырғаны анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!