"Қыздарға ұнамаймын" деп ойлайтынмын". Ninety one тобының мүшесі Alem әйелі туралы айтты

Ninety one тобының мүшесі Батырхан Мәліков (Alem) Qazaqstan телеарнасындағы "Мың бір түн" бағдарламасында әйелімен қалай танысқанын, оның ата-анасымен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерлі-зайыпты той жасамаған. Алайда болашақта бәрінің басын қосып, той жасағысы келеді.

"Той жасалған жоқ. Үйге алып барып, туысқандарға кішігірім беташар істедік. Сонымен болды ғой. Сәті түсіп жатса, ыңғайлы болып жатса, неге той жасамасқа? Жалпы, өзім жасағым келеді. Туған-туысқандарды, достарды бәрін шақырып, той жасағым келеді. Бұл жаңалықты бөліскім келеді. Өйткені көбі біле бермейді", - деді ол.

Alem-нің айтуынша, әйелінің мамандығы қаржыгер, бірақ модель болып жұмыс істейді. Онымен Ninety one тобында жүргенде танысқан.

"Есімі Вероника. Тегі Жаңғал, әкесінің аты Болат. Метис, жартылай қазақ, жартылай орыс. Кезінде, 2016 жылы біздің топта менеджер боп жұмыс істеген болатын. Кейін жұмыстан шығып кетті. Содан кейін 1,5-2 жылдан кейін бе, білмеймін, дос болып жүрдік те, сондай болады екен ғой. Достық махаббатқа ұласты. Нөміріне кәдімгідей жаздым. Сөйлесіп жүргенбіз. Содан кейін түсімде көріп қалып, түсіңде жақсы көріп қаласың ғой, сондай болды. Соны тікелей айта салдым. "Жақсы көрем деп емес, түсімде сені көрдім" деп айттым, содан басталды ғой. Классика бәрі. (...) Ол модель, суретке түседі. Өзі әртүрлі киімді үйлестіріп жатады, сондай өзінің хоббиі бар. Өз-өзімен жүреді. Маған анда-санда суретке түсіріп берші дейді, фотоға түсіріп берем. Өзі істейді бәрін, әйтеуір жұмыс істеп жүр, өте еңбекқор. Ол мені "Жатып қалма, тұр" деп қозғайды. "Күнде сен ерте тұруың керек, спортпен айналысуың керек" дейді. Бір-екі күн жұмыс істесем, шаршап, жатып қаламын. Жатып, демала бергің келеді. Ол мені керісінше, күнде тұрғызып, алға итермелейді", - деді әнші.

Ол сонымен бірге әйелінің қазақша сөйлеуден аздап қиналатыны және ата-анасымен қарым-қатынасы туралы айтты. 

"Мен қызбен ешқашан дұрыс сөйлескен емеспін, сөйлесе алмаймын да. Мектепте қыздармен көп сөйлесетін, өзіне сенімді балалар болады. Мен ондай да, жақсы оқитын да бала болған жоқпын. Жалтаңдап жүретін, мұғалімдерге компьютермен бірдеңе істеп беретін, әнін айтып беретін бала болдым және қыздармен көп сөйлеспегенмін. "Қыздарға ұнамаймын" деп ойлайтынмын. Сондықтан "қыздардың маған деген назары көп ауады" деп ешқашан ойламаппын. Шын мәнінде, алғашқы махаббатым.  (...) Үйренгені орыс тілі ғой, бірақ қазақша түсінеді. Оны "Қазақша сөйле" деп мәжбүрлемеймін. Анаммен қарым-қатынасы өте тамаша. Кеше анам Астанаға келді. Сол кезде бардық. Орамал тағып, сәлем салды. Ата-анам жақсы көреді", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!