Астанада төрт жасөспірім аквариум жанындағы мұнараға шығып алған

Желіде Астанадағы океанариум жанындағы навигациялық мұнараға шығып алған  жасөспірімдердің видеосы тарады, Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл видеодағы балалардың әрекетіне Желі қолданушылары шағымданды.

Олар "Қалай шығып алған?", "Вышка" фильмін көп көріп қойған ғой", "Неге ешкім ескерту жасамаған?" деп пікір жазған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша полицияға арыз-шағым түспегенін хабарлады.

"Бейнебақылау камераларын зерттеу барысында төрт жасөспірімнің мұнараға көтеріліп, 15 минуттан кейін түсіп кеткені анықталды. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!