Украина Кремльге жасалған шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Украина Кремльге жасалған шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді
Фото: видеодан алынған кадр

Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесі "3 мамырда Кремльге жасалған шабуылын" жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Медузаға" сілтеме жасап.

Владимир Зеленскийдің баспасөз хатшысы Сергей Никифоровтың айтуынша, Украинаның өзге елге шабуыл жасайтын ниеті жоқ.

"Президент Владимир Зеленский бірнеше рет айтты, Украина барлық қолда бар күші мен құралын өзге елге шабуылға емес, өз аумақтарын босатуға жұмсайды", - деді Никифоров. 
 

Еске салайық, бұған дейін Украинаның екі дроны 3 мамырға қараған түні Ресей президенті Владимир Путиннің Кремльдегі резиденциясына "шабуыл жасамақ болғаны" хабарланды.

"РИА Новости" агенттігі дрондарды әскерилер мен арнайы қызмет атып түсіргенін және зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді. Кремль мұны "террорлық әрекет" деп айыптаған. Ал Ресей президенті Путиннің өзі бұл кезде резиденцияда болмаған, оның жұмыс кестесі өзгермеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан