"Алла қалаған жұп". Желіде Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың неке қию рәсіміндегі қызық сәті тарады

Желіде Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың неке қию рәсімінде болған қызық сәті тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видеоны Нұржан Әбубәкір Instagram-парақшасында бөлісті. Онда екі жастың некесі қиылып жатқан сәтте Әли Оқаповтың кенет түшкіріп жібергені бейнеленген.

"Әли мен Ақеркенің неке қию рәсімінде болған қызықтан үзінді. Аяқ асты таспаға түсіп қалған жағдай", - деп жазған ол. 

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға бақыт тілеп пікір қалдырған. 

"Періштелер әумин деді. Балапандар аман болсын, бақытты болсын", "Иә, бұл - Алла қалаған жұп, Алла қолдаған деген мағына", "Бақытты бол, Әли батыр! Тектінің тұяғы ғой!", "Сау бол. Періштелер әумин деді", "Айтылған тілекті Алла қабыл етсін", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!