Естімеген елде көп: үш қолды нәресте дүниеге келді

Естімеген елде көп: үш қолды нәресте дүниеге келді
Фото: Видеодан алынған кадр

Үндістанда үш қолды нәресте дүниеге келді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Үндістанның солтүстігінде орналасқан Раджастхандағы ауруханада ерекше сәби дүниеге келген. Оның екі қолы қалыпты мөлшерде әрі өз орнында. Бірақ үшінші қолы арқа тұсынан өсіп жатыр және 3 саусағы бар.

Дәрігерлер баланы қалай емдейтіні әзірге белгісіз. Бірақ басылым мәліметінше, басқа жағдайлардағы секілді арқасынан өсіп жатқан қолы алып тасталуы мүмкін.

Айта кетейік, медицинада мұндай құбылыс полимелия деп аталады. Бұл құбылыс өте сирек кездеседі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова