"Маңдайынан сүймеген". Заманбек Нұрқаділовтің екі отбасының балалары неге араласпайтыны белгілі болды

"Маңдайынан сүймеген". Заманбек Нұрқаділовтің екі отбасының балалары неге араласпайтыны белгілі болды
Фото: Ашық дереккөз

Танымал әнші Мақпал Жүнісова асырап алған қызы Мерей Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелінен туған балаларымен араласпайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатта бөлісті. 

"Мерейге Зәкеңнің бірінші отбасындағы балаларымен де араласуға болатын еді, бірақ бұрынғы әйелі Зәкеңнің көзі тірісінде балаларды араластырмады. Олар - 18 жыл бойы Мерейді маңдайынан сүймеген адамдар. Зәкең қайтыс болғанда Қайрат 38-де, Құралай 33-те. Олар Зәкеңнің зейнетақысына таласып, 18 жыл бойы Мереймен зейнетақыны бөлісті. Осыдан кейін қандай туыстық қарым-қатынас туралы айтуға болады", - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейді асырап алғанын және қызының биологиялық ата-анасымен қандай қарым-қатынаста екенін айтқан еді. 

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова 1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында туған. Ол - кеңестік және қазақ эстрада әншісі, профессор, Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, халықаралық конкурстардың лауреаты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек