"Енесі келе жатқан шығар". 17-қабатта терезе жуған әйелге "іздеу" салынды

Әлеуметтік желіде 17-қабаттағы терезелерді жуып жатқан астаналықтың видеосы пайда болған еді. Бұл видео көпшіліктің қызу талқысына түсті. Сондай-ақ, робот терезе жуғыш қызметін ұсынатын астаналық жеке кәсіпкер биікте терезе жуып жүрген қызға іздеу салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кәсіпкер оған тегін робот терезе жуғышты ұсынатынын айтқан.

"Биік қабатта терезе жуған қызды іздеп жатырмын. Робот терезе жуғыштың қызметін тегін ұсынғым келеді. Өзіңіз оқып отырсаңыз осында немесе жұмыс парақшама жазыңыз. Менің есімім - Маржан", - дейді видеодағы кәсіпкер.

Еске салайық, бұған дейін 17-қабатта терезе жуған астаналық жұртты шошытқаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!