Алматы облысында оқушы қызды көлік қағып кеткені видеоға түсіп қалды

Алматы облысында оқушы қызды көлік қағып кеткені видеоға түсіп қалды
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы Кеңдала ауылында оқушы қызды көлік қағып кеткен кезі видеоға түсіп қалды. Kris_p_talgar мәліметінше, жол апаты 1 мамырда түстен кейін болған. Жүргізуші қарсы жолақпен қатты жылдамдықпен келе жатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алдын ала мәлімет бойынша, қыз 12 жаста. Оның аяғы сынған. Жол апатынан кейін ол Талғар орталық аудандық ауруханасына жатқызылған, жағдайы тұрақтанғаннан кейін ол жансақтау бөлімінен облыстық балалар ауруханасына ауыстырылған", - деп жазады Kris_p_talgar.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан