"50 миллион теңге, 5 көлік". Семейде бұрын-соңды болмаған бәйге өтті

"50 миллион теңге, 5 көлік". Семейде бұрын-соңды болмаған бәйге өтті
Фото: автордан

Семейде облыс тарихында бұрын-соңды болмаған бәйге өтті. Жүлде қоры 50 миллион теңге болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екінші дүние жүзілік соғыстың ардагері Әйкел Жақыптың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған дүбірлі додаға елімізден бөлек Қырғызстан мен Ресейден 300-ге жуық шабандоз қатысты.

Алты шақырымдық құнан бәйгеге "Нива", 7 шақырымдық жорға жарысына Chevrolet Cobalt, 10 шақырымға Hyundai Accent, ал 25 шақырымдық аламан бәйгеге Mitsubishi L 200 маркалы көлік тігілді.

Жарыс соңында көкпар да берілді. Салым жүлдесі 3 миллион теңге болды. 15 мыңға жуық көрермен тамашалаған ат жарысының ең басты сыйлығы Mitsubishi L200 көлігін Алматы облысынан келген 8 жастағы шабондоз Хамза Марғұланұлы (тұлпарының аты - Жұмыртұяқ) иеленді. Бәйгені Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев та келіп тамашалады, Қазақстанның Халық Әртісі Роза Рымбаева әннен шашу шашты.

Айбын Алтай

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы