Астана тұрғынын таныстары тонап кеткен

Астана тұрғынын таныстары тонап кеткен
Фото: polisia.kz

Түнгі уақытта "102" арнасына қала тұрғыны жүгініп, оны тонап кеткенін хабарлаған. Арызданушының айтуынша, сол күні ол екі танысымен кезігіп қалып, Фруктовая көшесіндегі үйінде ішімдік ішіп отыруды ұсынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ішкеннен кейін жәбірленуші ұйықтап қалған, ал біраз уақыттан кейін оны қатты оятып, өздері үшін гаджетке несие рәсімдеуді сұраған. Ұялы телефон дүкеніне келіп, ер адам несие алуға тырысқан, бірақ "достарына" оған несиеге бас тартылғанын түсіндіргенде, одан Samsung маркалы телефоны мен қолма-қол ақшасын ашық түрде алып кеткен.

Тонаушыларды ұстау үшін Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде қаскүнемдер анықталды. Олар 37 және 43 жастағы ер адамдар болып шықты. Олардың ұрлық пен бұзақылық жасағаны үшін соттылығы бар екені анықталды. Соңғысы тіпті пробациялық есепте тұрғаны белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан