Ирак түрмесінде отырған қазақстандық әйелдер аштық жариялады

Ирак түрмесінде отырған қазақстандық әйелдер аштық жариялады
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ирак түрмесінде алты қазақстандық әйелдің аштық жариялауына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жуырда Ирактан қазақ балаларын әкелу үшін арнайы операция жүргіздік, ол "Русафа" деп аталды, бұл - Иракта өмір бойына бас бостандығынан айырылған азаматтарымыздың балалары. 24 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне Ирак билігінің лаңкестік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру үкіміне наразылық ретінде Бағдадтағы "Русафа" түрмесінде бірнеше шетел азаматы, оның ішінде Қазақстан азаматтары аштық жариялады. Тұтқындар мерзімінен бұрын экстрадициялау рәсімін талап етті", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Смадияров аштық акциясының Ирак билігі рақымшылық туралы заңға қол қояды деген қауесеттен басталғанын түсіндірді. Ресми ақпаратқа сәйкес, рақымшылыққа ілінгендер осы елде жазасының үштен бірін өтеуге тиіс.

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Ирак билігі осы жылы барлық санаттағы қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасау туралы заңға қол қоюды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған мекемеде "ДАИШ" (Қазақстанда "Ислам мемлекетіне" тыйым салынған) лаңкестік ұйымына қатысы бар деп сотталған Қазақстанның алты азаматы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жалпы, наразылық білдірушілер әділетсіз үкімдерге, терроризмге қатысты негізсіз айыптарға және қамаудағы нашар жағдайға шағымданды. 26 сәуірде Иорданиядағы елшілігіміздің бастамасымен "Русафа" түрмесінің судьясымен келіссөздер жүргізілді. Азаматтардың құқықтарын сақтау туралы келісім сақталды. Біз бұл ақпаратты бақылауда ұстап, қадағалап отырмыз", - деді СІМ ресми өкілі.

Еске салайық, 2017 жылы Иракта Қазақстанның алты азаматы 25 жылға сотталған еді. Ирак соты әйелдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру - Ирак заңы бойынша 25 жыл түрме жазасын кесті. Олар лаңкестік әрекеттерге, атап айтқанда ДАИШ ұйымының мүшесі болған. Сыртқы істер министрлігі олардың жазасын өтеп болған соң Қазақстанға қайтатынын айтты. Сотталған қазақстандықтар - Орал, Түркістан, Алматы және Қарағанды ​​облысының тұрғындары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан