"Нағыз тосын сый". Сәкен Майғазиев караокеде жанкүйерлерін қуантты

"Нағыз тосын сый". Сәкен Майғазиев караокеде жанкүйерлерін қуантты

Танымал әнші Сәкен Майғазиев  караокеде танымайтын ортаға кіріп барып, өз әнін жанды дауыста шырқап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Жұлдыздар әлемі TikTok-парақшасында жарияланды. Ол 330 мың қаралым, 19 500 лайк жинаған.

Кадрда караоекеде отырған эстрада жұлдызы Сәкен Майғазиев көрші бөлмеде "МузАРТ" тобының "Жаным менің" әні шырқалғанын естіп, сол бөлмеге кіріп, өзі шырқай кетеді.

"Мына кабинетте біздің әнді айтып жатыр. Кім екенін танымаймыз, танымаймыз", - дейді видеода Сәкен Майғазиев.

@zhuldyz_news2023 Сәкен Майғазиев???#казахстан?? #әншілер#ән ♬ оригинальный звук - Жұлдыздар әлемі

Видео соңында Сәкен Майғазиев жастарға "МузАРТ" тобының әнін шырқағаны үшін өз алғысын білдірді.

Желі қолданушылары өнерпазға риза болып, түрлі пікір қалдырған. 

"Сәкен аға сондай тамаша жан ғой", "Енді кароекеде Музартты айтамын", "Сәкен ағамыздың даусы мықты", "Қандай керемет. Қандай қарапайымдылық", "Демалып отырған адамдарға күшті көңіл- күй сыйладыңыз", "Нағыз тосын сый болған екен", - деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы