8 жылда азық-түлік бағасы қалай өзгерді? Желіде 2015 жылғы баға туралы видео пайда болды

8 жылда азық-түлік бағасы қалай өзгерді? Желіде 2015 жылғы баға туралы видео пайда болды
Фото: Qadam

2015 жылы той жасаған әйел сол жылдары азық- түлік бағасын жазған дәптерін тауып алып, видео түсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео TikTok  желісінде пайда болды. Ол 305 мың қаралым, 8900 лайк жинаған. Кадрда әйел 2015 жылы үйлену той жасағанын және сол кезде азық-түлікке кеткен шығынды есептеген.

"Шаттық қайнымның тойын 2015-те өткіздік. Ол кезде тамақты мен алып едім. Қазір бағаларын айтайын.

• 5 литрлік сұйық май - 6 дана,

• Қағаз - 50 дана,

• Шелектегі икра - 6 дана,

• Бір жарым келі қойытылған сүт  -  6 дана,

• Шекер - 25 келі

• Сүт 3,2 пайыздық - 30 дана,  қаймақ - 12 дана, барлығының бағасы 36,440 теңге болды", - делінген видеода.

@adaikaistanbul.kz #рек #хочуврек #казахстан ♬ оригинальный звук - Adaika

Ал қазіргі нарықтағы бағамен есептегенде осы тауарлардың жалпы құны - шамамен 70-80 мың теңге шамасында.

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір қалдырған.

"Видео түсіріп болған соң, қазіргі бағалармен салыстырып, ағыл-тегіл жылап алған шығарсыз", "Сол кездегі шикарный тойлардың бірі болған сияқты", "8 жылдан бері ана дәптердің парағы қалай сарғаймай тұр?", "2005 жылы біздің тойдың дәптері болу керек атамның сейфінде! Ол жерде той көйлегіме дейін жазылған. Шамамен 18.000 теңге деп", - дейді пікір жазғандар.

Айта кетейік, бұған дейін де бір жылда азық-түлік бағасы қалай өзгергенін жазған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы