"Сүйінші". Танымал модель Айя Шалқар Қазақстанға оралды

Танымал модель және дизайнер Айя Шалқар Қазақстанға оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында айтты. 

"Алматымның дүркіретіп қарсы алып жатқаны. Сүйінші. Биыл ақыры үйге қайтпақшымын", - дейді модель. 

Айта кетейік, Айя Шалқар Францияның Страсбург қаласында танымал шығармашылық университеттің өнер факультетінде білім алған. Оның сөзінше, жоғары оқу орнына түсу оңай болмаған. Бастапқыда Айя бейнелеу өнеріне қызығып, содан кейін графикалық дизайнды тереңірек меңгере бастаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!