Бағлан Әбдірайымовтың әйелі әнші казиноға барып жүргенін қалай біліп қойғанын айтты

Танымал әнші, "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға қалай барғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Алғашқы" бағдарламасында айтты. Бағлан Әбдірайымовтың сөзінше, ол алғаш құмар ойынға 2016 жылы барған. 

"Бір азаматтармен ілесіп барғанмын. 60 мың теңгені ұтылып қалдым. Қайтып келе жатқан кезде ертіп бара жатқан азаматтарға "өзім 200 мың теңгеге тойға барып келе жатырмын. Соның 60 мың теңгесін ұтылып қалу недеген надандық?" дедім. Екінші рет тағы да сол азаматтармен бардым. Үшінші рет барғанда үйрене бастадым. Солай өз шырмауына түсіріп алды", - дейді әнші. 

Сонымен қатар, әншінің әйелі Роза Айтпаева Бағланның казино ойнап жүргенін қалай біліп қойғанын айтты. 

"Ең алғаш казино ойнап жүргенін сезбедім. Бір күні киімін жинап жатсам қалтасынан от тұтандырғыш түсіп қалды. Сыртында казиноның аты тұр. "Мынаны қайдан алдың?" деп сұрап едім "Жай, балалардан алдым" дей салды. Ештеңе ойламадым. Сосын Бағлан үйде аз бола бастады, кешігіп келе бастады. Телефоны үнемі өшіп тұра бастады, телефон шалсам бармайды. Бір күні Бағлан түсірілімге бармай қалды. Продюсер қайын ағам қоңырау шалып, Бағланды сұрады. "Жұмыста шығар" дедім. Ол кісі "Жоқ, ол казиноға барып жүр" деп ең алғаш қайын ағам айтты. Сол кезде кеткен дүниеге мен еш өкінбеймін. Маған ең бастысы Бағланның санасына жетіп, осы жолды тоқтатуы болды", - дейді әншінің әйелі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!