Диетолог арықтау үшін таңғы асқа не жеу керегін түсіндірді

Диетолог арықтау үшін таңғы асқа не жеу керегін түсіндірді
Фото: pixabay.com

Америкалық диетолог Лиза Янг арықтау үшін таңғы асқа не жеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Маман май қабатын азайту үшін таңғы рационға ақуыз көбірек қосу керегін айтады. Оның сөзінше, салмақ тастау үшін таңертең жұмыртқа өнімдері, жемістер қосылған сұлы жеп, сондай-ақ тұтас дәнді нан өнімдерінен бас тарту керек.

Диетологтың сөзінше, жидектерде салмақты реттеуге көмектесетін талшық бар. Сонымен қатар, майды кетіру үшін смузи, жасыл йогурт, киноа, зығыр және чиа тұқымдарын қолдануға болады. 

Одан бөлек, америкалық диетолог таңғы асты отырып жеу керегін айтады. Себебі жүріп тамақтану артық тамақтануды және салмақ қосуды тудырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина