Қарағандыда су қоймасынан әйел адам өлі табылды

Қарағандыда су қоймасынан әйел адам өлі табылды
Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыда су қоймасынан әйел адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 29 сәуірде табылған әйел адамның денесінде зорлық белгілері болмаған. Әлеуметтік желідегілер ол суға батып кеткен деген болжам жасаған. 

Полиция мәліметінше, әйел адам қалай қайтыс болғанын сот-медициналық сараптама шешеді.  

"Қажет сараптамалар тағайындалды. Қазір марқұмның кім екені және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді облыстық ПД өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина