Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова сұхбатта көз жасын тоқтата алмады

Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова сұхбатта көз жасын тоқтата алмады
Фото: "Момский әңгіме"

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова сұхбат беріп, көз жасын тоқтата алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Момский әңгіме" YouTube-арнасына берген сұхбатта Мөлдір өткен өміріндегі қиындықтар туралы еске алып, көз жасына ерік берді. 

"Біз дайынға түсе қалған жоқпыз. Бәрін өзіміздің еңбегімізбен жасадық. Жеген асымыз адал. Ешкімнің ала жібін аттаған жоқпыз. Бір жерден ақша тауып алып, жемқорлық жасап, бір жерден пайда тауып алып, оған рахаттанып киініп, қыдырып жүрген жоқпыз. Бәрі адалынан келіп жатыр. Басқа жерден пайда тауып, тығып жинаған ақшаның не керегі бар? Ұсақ-түйекке дейін еңбекпен келді", - дейді Мұқанова.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Мұқанова "Қыздар-ай" бағдарламасына берген сұхбатта қызының ҰБТ дауына қатысты шындықты айтқан болатын. Оның айтуынша, бұл қателік ҰБТ-ға дайындаған орталықтан болған.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина