Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қызының ҰБТ дауына қатысты шындықты айтты

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қызының ҰБТ дауына қатысты шындықты айтты
Фото: Insatgram/moldir.mt

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тұңғыш қызы Әдемінің ҰБТ дауына қатысты шындықты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Қыздар-ай" бағдарламасына берген сұхбатта бөлісті. Оның айтуынша, бұл қателік ҰБТ-ға дайындаған орталықтан болған.

"Иә, дау болды. Оның бәрі - аяқтан шалу. Қателік ҰБТ-ға дайындаған орталықтан болды. Орталық атын шығарғысы келді. "Тұрсынбек Қабатовтың қызы грантқа түсті, біздің орталықта оқып шықты" деген атақ керек болды. Мен сол уақытта бәріне дайын болдым, мені намыс өртегені соншалық, "бір ауыз ескертпедің бе, басқаша шешуге болатын еді ғой" деп ойладым. Олар бәрі жеңіл өтеді деп ойлады. Дубайға оқуға түсетін болса, оған ҰБТ керек емес, оны бәрі біледі. Ағайлары алдап-арбап сөйлескен ғой. Бала балалықпен көне берген. Біздің қателік - мән бермегеніміз. Халықтың сөзі жүрегімізге тиді, жыладық, бірақ ақиқатты білеміз", - деді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек