Жүрісі "жаман" ару. Жеңіс Ысқақова Ақбота Керімбекова туралы ел естімеген дерек айтты

Жүрісі "жаман" ару. Жеңіс Ысқақова Ақбота Керімбекова туралы ел естімеген дерек айтты
Фото: видеодан алынған кадр

"Хабар" телеарнасындағы "Алғашқы" бағдарламасының Ақбота Керімбековаға арналған шығарылымында Жеңіс Ысқақова әнші туралы ел естімеген деректі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарламаның концепциясы бойынша студия қонағына түрлі түстегі есіктер ашылады. Әр есіктің ар жағында танымал азаматтардың балалық шағы, жалындаған жастығы, алғашқы жеңісі мен жеңілісі, қуанышы мен қайғысы, өкпесі мен өкініші, жұбанышы мен жеткен жетістігі жасырылады. Есікті ашқанда "Алғашқының" кейіпкері бала шақтағы ойыншық, тұңғыш автокөлік, анасының көзіне айналған бұйым, қара шаңырақтан сыр шертер жиһаз, тіпті алғашқы ұстаз бен хабарсыз кеткен танысын көріп, таңғалып жатады.

Ақбота Керімбекова қызыл есікті таңдағанда "Жүрісі "жаман" ару" деген тақырып шыққан. Әуеліде әнші бұл тақырып нені меңзеп тұрғанын түсінбеген. Оның сырын әнші Жеңіс Ысқақова айтты.

"Өзіңізден кейінгі әншілерді кімді бағалайсыз?" дегенде менде бірінші орында Ақбота тұрады. Ақбота әнші ғана емес, Ақбота өте мықты, өте нәзік музыкант. Әп-әдемі бір көйлек киіп алыпты. Сахнаға шығайық деп тұрмыз. Сосын қарасам, әдемі көйлек киген Ақбота, бірақ жүрісі аю сияқты. "Мынадай әдемі көйлек кигеннен кейін жүрісті жөндесеңші" дедім. "Ой, сахнаға шыққан соң жөндеп аламын ғой. Жүре алмаймын ғой мен, апа" дейді. "Жүріп үйрен, құрысын, кішкене былай-былай қыз сияқты жүрсеңші" дедім. Сондай бір кездер болды", - деді Жеңіс Ысқақова.

Осы кезде ғана Ақбота Керімбекова "Жүрісі "жаман" ару" деген тақырыпты түсінді. 

Осыдан кейін Ақбота Керімбекова бағдарламаның студиясында "Қанша сызылайын десең де, сызыла алмайсың ғой" деп, жүрісінің әлі де өзгермегенін көрсетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан