Екібастұзда ТЖ режимі жарияланды

Екібастұзда ТЖ режимі жарияланды
Фото: Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Екібастұзда өрт салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екібастұз әкімі Аян Бейсекиннің өкім жобасы НҚА сайтында жарияланған.

"Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі № 2 көппәтерлі тұрғын үйде болған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ануарбек Дюсембаевич Аманов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын", - делінген бұйрық мәтінінде.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетінін хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан