Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Желілік саябақта "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысты", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.

"Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, еріктілерге алғыс айтамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенбілікке қатысқандар 2 түп қарағай және 39 түп жөке көшетін екті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!