Жедел штаб астаналықтарға "Нұрлы жол" вокзалындағы жағдайды ескертті

Жедел штаб астаналықтарға "Нұрлы жол" вокзалындағы жағдайды ескертті
Фото: astanavokzal.kz

Астаналықтарға лаңкестікке қарсы жауынгерлік жағдайға барынша жақын оқу-жаттығулар өтетіні туралы ескертілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елордадағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

29 сәуірде сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін "Нұрлы жол" теміржол вокзалында (Тынышбайұлы көшесі, 8) лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу жоспарланған.

"Іс-шараның мақсаты – жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік көріністерге шұғыл ден қою, лаңкестік актінің салдарын барынша азайту және жою тапсырмаларын орындауға дайындығын тексеру", - деді жедел штаб өкілдері.

Теміржол вокзалының айналасында шектеулер бар.

"Азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз", - деп хабарлады штаб астаналықтар мен қала қонақтарына.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан