Танымал блогер Бозжыра шатқалында видео түсіремін деп велосипедпен оңбай құлап, жарақат алды

Танымал блогер Сәкен Қағаров Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында велоспедпен құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы блогердің өзі Instagram-парақшасында айтты. 

"Бірінші рет осылай құлап тұрмын. Қолдау білдірген адамдарға рақмет! Бірақ енді біраз уақыт велосипед айдай алмайтын болдым", - дейді блогер. 

Сәкен Қағаровтың сөзінше, оның бүкіл денесі көгеріп қалған. 

"Құлаған кезде 10 минут есімнен танып қалдым. Алдағы айларда спортпен айналысуға мүлде болмайды", - деп жазды спортшы. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!