Олжас Сүлейменовтің жары қайтыс болды

Олжас Сүлейменовтің жары қайтыс болды
Фото: Ашық дереккөз

Қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің жары Маргарита Владимировна қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде жазылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы хабар туралы журналист Бигелді Ғабдуллин жазды.

"87 жасында Олжас Омарұлы Сүлейменовтің жұбайы Маргарита Владимировна өмірден өтті", - деп жазды ол.

"Маргарита Владимировна - Олжас Омарұлы Сүлейменовтің жары қайтыс болды", - дейді журналист Гүлжан Ерғалиева да.

Ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі де растады.

Айта кетейік, Олжас Сүлейменов - ақын, саясаткер, ядролық қару-жарақты жаппай қолдануға қарсы тұрған қоғам қайраткері. Ашық дереккөзде Олжас Сүлейменов пен Маргарита Владимировнаның үш қызы бар екені айтылады. 

Еске салайық, 2018 жылы Олжас Сүлейменовтің жиені Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан қаза тапқан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова