Қарағандыда автобус паркі протездің иесін іздеп жатыр

Қарағандыда автобус паркі протездің иесін іздеп жатыр
Фото: freepik

Қарағандыда №3 автобус паркі протездің иесін іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Автопарк өкілдері ерекше зат тауып алғандарын айтады. Оқиға 146-автобуста болған. Жолаушылардың бірі құтыдағы протезін ұмытып кеткен. 

"Бұл зат №3 автопарк қызметкерлерін қатты таңғалдырды. Протезді иесіне қайтаруға дайынбыз. Өз протезіңізді танысаңыз, бізге @ avtobusnyipark3-ке жазыңыз немесе біздің диспетчерге 7(7212)44-09-43 қоңырау шалыңыз. Ол протезіңізді қалай қайтару керек екенін түсіндіреді", - делінген жазбада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова