Қостанайда 85 жастағы әйел терезеден құлап мерт болды

Қостанайда 85 жастағы әйел терезеден құлап мерт болды
Фото: alau.kz

Қостанайда зейнеткер бесінші қабаттағы терезеден құлап кетіп, көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 27 сәуірде Көбеев көшесінде болған. 85 жастағы зейнеткер бесінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Қарт әйел қайтыс болды. 

Полицейлер қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу-жедел тобы оқиға орнында жағдайды анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан