Досаев алматылық ардагерлерге Жеңіс күніне орай қанша теңге берілетінін айтты

Досаев алматылық ардагерлерге Жеңіс күніне орай қанша теңге берілетінін айтты
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда Жеңіс күніне ҰОС ардагерлеріне 1,5 миллион теңге беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде айтты. 

"9 мамыр - бәріміз үшін қасиетті мереке. Иә, өкінішке қарай, ардагерлер қатары жыл сайын азайып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 58 ардагер тұрады. Мен олардың барлығы өз мерекелерін аман-есен қарсы алғанын қалаймын және біз оларды жыл сайын құттықтап келеміз. Көмек туралы - қаражат қарастырылған, біз әрбір ҰОС ардагеріне миллион теңгеден төлеуді жоспарладық. Ертең мәслихат отырысы өтеді, мен депутаттардан оларға 1,5 миллион теңгеден беру үшін тағы бес жүз мың қосуды сұрадым.
Ауған жауынгерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқаларға да материалдық көмек көрсетеміз", - деді әкім. 

Сонымен қатар, қала басшысы 9 мамыр күні қандай шаралар өтетінін айтты. 

"9 мамырда дәстүрлі түрде 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта гүл шоқтары қойылады, мерекелік концерт болады. Біздің ардагерлер қаланың барлық аудандарында құрметке ие болады. Біз бұл мерекеге үлкен үреймен қараймыз. Мерекеге жеке қатыса алмайтын ардагерлерге жеке көңіл бөлеміз – аудан әкімдері және мен олармен бірге әрқайсысын аралап, жеке құттықтаймыз", - дейді әкім. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина