12 жастағы Жәнел Әли Испаниядағы "Балалар дауысы" шоуының келесі кезеңіне өтті

12 жастағы Жәнел Әли Испаниядағы "Балалар дауысы" шоуының келесі кезеңіне өтті
Фото: видеодан алынған кадр

12 жастағы қазақстандық Жәнел Әли Кристина Агилераның Hurt әнін орындап, Испанияда La Voz Kids ("Балалар дауысы") байқауының көрмей тыңдау кезеңінен өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Бірінші кезеңде қатысушылар "көрмей тыңдаудан" өтуі керек: тәлімгерлер ән салып тұрғандарды көрмейді, тек олардың дауысына назар аударады. Егер оларға қатысушылардың орындауы ұнаса, бұрылады. Ал бірнеше тәлімгер бұрылса, онда қатысушы қай командаға бұрылатынын өзі таңдайды.

Ал қазақстандық Жәнелге үш тәлімгер бұрылған. Осы маусымда Айтана (Aitana), Роcарио Флорес (Rosario Flores), Себастьян Ятра (Sebastián Yatra), Дэвид Бисбал (David Bisbal) тәлімгер ретінде қатысып жатыр. Қазақстандық Жәнел Әли танымал актриса Росарио Флоресті таңдады.

Бірнеше күннің ішінде YouTube желісінде қазақстандық қыздың видеосы 122 мыңнан астам қаралым жинаған.

Жәнел отбасымен Испанияның Торревьеха қаласында үш айдан бері тұрып жатыр екен. 

"Бес баламыз: үш қыз, екі ұл бар. Жәнел үйдің үшіншісі. Бір жыл бұрын мен Испаниядан жұмыс таптым, әзірше осында тұрамыз деп шештік. Балалардың кейбірі мектепке, кейбірі балабақшаға барады. Жәнел мұнда музыка мектебінде оқиды. Ол бала кезінен ән айтады, олар Астанада және осында тұрғанда да оның қызығушылығын қолдауға тырыстық. Қызым Қазақстанда Қазақ ұлттық өнер университетінің мектебінде оқыды. Қазір ол опера вокалында оқып жатыр, - дейді қыздың әкесі Мақсат Сүннәтилла.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан