Әлихан Смайылов Иранға барды

Әлихан Смайылов Иранға барды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тегеранда Үкімет басшысы Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесу өткізеді. Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар ведомствоаралық және коммерциялық құжатқа қол қойылады деп күтілуде. Сондай-ақ Әлихан Смайылов Иран Президенті Ибрахим Раисимен де кездеседі.

ҚР Премьер-министрінің сапары аясында 24-26 сәуір аралығында Қазақстанның Ирандағы үшінші сауда-экономикалық миссиясы өтіп жатыр. Оған тамақ, химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және металлургия бойынша 20 отандық тауар өндіруші қатысып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан