Мирас Жүгінісов жеке ән кешін өткізуге қанша ақша жұмсаған?

Жастардың хитмені, әнші Мирас Жүгінісов "Ревю" бағдарламасына сұхбат беріп жеке ән кеші қалай өткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің Алматыда өткен ән кешіне 9 мың тыңдарман келген.

"Осы концертке 3 ай дайындалдым. Негізі мен биші емеспін, бірақ тыңдарман үшін жанымды салып билеп, өнерімді көрсеттім. Үйге барған соң концертті тағы да сүзгіден өткізіп қарап шығамын", - дейді Мирас Жүгінісов.

Ал әншінің продюсері Әден Марғұлан Мирас Жүгінісовтің шығармашылығы арқылы жақсы табыс тауып жүргендерін айтқан.

"Негізі тек Мирастың шығармашылығынан байып отырған жоқпын. Өзімнің жеке кәсібім де бар. Дегенмен шығармашылық жақсы табыс әкеліп жатыр. 30 миллион теңгеге жеке ән кешін ұйымдастырдық, бірақ шығыс болмай кіріс болмайтыны анық" , - дейді продюсері.

Айта кетейік, әнші Мирас Жүгінісов өз тыңдармандарын "Алматы аренаға" жинап, жанды дауыста ән кешін өткізді. Концертте Қайрат Нұртас, Nazima, Бағжан Октябрь, Song Wonsub сияқты артистер де өнер көрсетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!