Бәрі күткен функция. WhatsApp-та жаңа мүмкіндік қосылады

Бәрі күткен функция. WhatsApp-та жаңа мүмкіндік қосылады
Фото: pixabay

WhatsApp мессенджері ресми блогында көптен күткен функция енгізілетінін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап. 

"Былтырдан бастап бүкіл әлем бойынша қолданушылар қауіпсіздік пен құпиялықты сақтай отырып, бір уақытта бірнеше құрылғыдан хат жаза алады. Бұл мүмкіндікті одан әрі жақсарту үшін бірнеше телефонда бәрі күткендей бір WhatsApp парақшасын пайдалану мүмкіндігін қосамыз", - делінген хабарламада.

Енді қолданушылар WhatsApp-қа төрт құрылғыға дейін кіре алады.

"Әрбір телефон WhatsApp-қа бөлек қосылады, сондықтан жеке хабарламаларыңыз, файлдарыңыз және қоңырауларыңыз шифр арқылы қорғалады. Егер негізгі құрылғыңыз ұзақ уақыт бойы белсенді болмаса, барлық қосымша құрылғыдан парақша автомат түрде шығады.

Сонымен қатар, парақшадан шықпай-ақ телефондар арасында ауысуға болады және бірден хат алмаса аласыз", - делінген блогта.

Шағын бизнес компаниялары бар қолданушылары да жаңа мүмкіндіктерге ие болады.

"Енді қызметкерлер клиенттердің хабарламаларына бір WhatsApp Business-тен, бірақ өз телефондарынан жауап бере алады", - делінген блогта.

Енді QR кодын сканерлеудің қажеті жоқ:

- телефон нөміріңізді WhatsApp Web-ке енгізіңіз;
- бір реттік құпия сөзді алыңыз және оны теріңіз.

WhatsApp.com

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова