Екібастұзда пакеттен адамның денесі табылды

Екібастұзда пакеттен адамның денесі табылды
Фото: Polisia.kz

Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның денесі табылды. Полиция жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

24 сәуірде Екібастұзда Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіреберісте полиэтилен қапшықтан адамның денесі табылды.

ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Павлодар облысының ПД өкілдері адамның жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.

"Адамның үстінде Adidas фирмасының, "Челси" футбол командасының эмблемасы бар көк түсті футболка, Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорт шалбар, сұр жолақтары бар қара түсті күртеше", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек